$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы әуежайында рейске кешіккен жолаушы жанжал шығарды

AstanaTV
20.08.2024ж. 09:45
240
Алматы әуежайында рейске кешіккен жолаушы жанжал шығарды

Fly Arystan ұшағының жолаушысы Алматы әуежайындағы тіркеу үстелінде жанжал шығарды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілердегі куәгерлердің айтуынша, 19 тамызда әуекомпанияның SMS-хабарламасындағы қателігіне байланысты жолаушылар өз рейсіне кешігіп келген. Әуекомпания кешіккен жолаушыларға келтірілген ыңғайсыздықты өтеген. Бірақ мәселе жанжалсыз болмады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді.

«Тексеріс кезінде 31 жастағы әйелдің өзін дұрыс ұстамағаны, әуекомпания қызметкерлерін балағаттағы анықталды. Сонымен қатар ол үстелдегі мониторды зақымдады. Көлік полицейлері аталған азаматшаға қатысты шаралар қабылдады, ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғалды», – делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Әкімшілік істің материалдары әкімшілік сотқа жолданады.