$479.05 €534.57 ₽5.17
×

АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылау болды

AstanaTV
20.08.2024ж. 11:34
230
АЭС салу мәселесі бойынша соңғы талқылау болды

Астанада Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша қоғамдық пікірталастар циклін аяқтайтын жиырмасыншы жария талқылау болды.

Басқосуға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік органдардың, жұртшылық пен азаматтық сектордың өкілдері қатысты.

Талқылау шеңберінде елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, АЭС құрылысына дайындық, сондай-ақ атом саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері қозғалады. Мамандар Атом генерациясы және ядролық технологиялар туралы ақпаратпен бөлісті.

Іс-шараны Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева мен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Саяси ғылымдар докторы, доцент Зулфухар Гаипов жүргізді.