$495.95 €524.37 ₽4.98
×

Әлеуметтік осал топтағы 510 мыңнан астам балаға қаржылай қолдау көрсетіледі

20.08.2024ж. 20:00
404
Әлеуметтік осал топтағы 510 мыңнан астам балаға қаржылай қолдау көрсетіледі

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Жаңа оқу жылының басталуына екі апта уақыт қалды. Ата-аналар мен оқушылар мектепке қызу дайындық үстінде. Біз қазір халық көп келетін мектеп жәрмеңкесіндеміз. Бұл жәрменкені түрғындар асыға күтеді. Неге десеңіздер, бұл жерден мектеп қажетті заттарды тиімді бағаға сатып алуға болады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Керек жарақтарымызды алып жатырмыз енді рахмет. Арзанырақ екен бір тетрадь 15 тг
- Ярмаркаға жылда келіп тұрамын. Керек затымды аламын, бәрі бар. Бағалары сәйкес. Тамыз айын күтеміз
- Сапасы, бағалары жылдағыдай емес жақсы екен. Қатты қымбатшылық жоқ Жылда келіп тұрамыз енді мынандай болса сауда ұнайды. Халықтың жағдайына ұнамды

Айдана ҚАЙРАТ:

Жәрмеңкеден 12 парақ дәптерді 10-15 тг арасында таба аласыздар. Сондай-ақ қалың дәптер 100 бен 300тг арасында, әрине оның қалыңдығына байланысты. Одан соң тағы бір керекті зат дәптерлерге арналған мұқабалар 25 данасын 250тг сатып ала аласыз. Тағы бір қажеті заттар түрлі-түсті қарындаштар бағасы 300тг-ден басталады және еңбек пәніне арналған ермексаз оның бағасы 400 тг басталады небәрі. Қаламсаптар 20 тг ден басталады.

Айдана ҚАЙРАТ:

Сондай-ақ балаңыздың талғамына қарай бұл жерден мектеп сөмкелерін таңдай аласыз. Көріп тұрғандарыңыздай таңдау өте көп. Бағалары 5-100 мың аралығында. Әрине бұл оның сапасына да байланысты.

Самал БАЙТӨЛЕКОВА, САТУШЫ:

Біз енді бұл мектеп товарларын мектеп киімдерді Алматыдан специальный өзі поставщиктер бар фирмадан алатын солардан аламыз. ӘкелІп береді, жеткізіп береді. Енді келген ата-аналар 2-3 баласымен келеді. Бізде болмай қалған жағдайда мысалы басқа жақта да бар. Солармен келісіп бірлесіп бір баланы полный киіндіріп беруге әзір.

Ал, әлеуметтік осал топтағы 510 мыңнан астам балаға мемлекет тарапынан киім, мектеп керек-жарақтарын, кеңсе тауарларын сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетіледі. Бүгінгі күні «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 423 мыңнан астам баланың ата-анасының есепшоттарына 17,3 млрд теңгеден астам қаржы аударылған.