"Алматыда "Цефтриаксон" препаратын қабылдаған 18 адам қайтыс болды". Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарады. Хабарламада инъекция дәріханалардан жаппай шығарыла бастағаны айтылады. Айта кетейік, бұл хабарлама былтыр да жұрттың зәресін алған. Денсаулық сақтау министрлігі мұны жоққа шығарып келеді. Бұл-қауесет, дейді.
ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және комитеттің Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесіне шағымдар түскен жоқ. Министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарып, негізсіз екенін жеткізеді. Сондай-ақ «Цефтриаксон» дәрігердің рецепті бойынша сатылады.
Жалпы бұл препарат сепсис, менингит пен әртүрлі инфекциялар және пневмония секілді көптеген ауру кезінде пайдаланылатын антибиотик. Дәрі Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.