Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Конституцияға өзгерістер енгізетін заңға қол қойылды.

AstanaTV
11.03.2017ж. 20:00
1807
Конституцияға өзгерістер енгізетін заңға қол қойылды.

Сонымен Конституцияға өзгерістер енгізілді. Кеше, жұмада Президент Н.Назарбаев заңға жария түрде қол қойды. Жаңа технологиялық  революциялар билікті жаңаша, мазмұнды, жауапкершілікті қадамдар жасауға итермелейді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз көпшіліктің Ата заңдағы 26-бапқа өзгеріс енгізу жөніндегі ұсынысқа қатысты пікіріне ерекше мән бердік. Ұсыныстардың бәрі мұқият қаралған соң, мен түпкілікті жобаны Парламент қарауына енгіздім. Парламенттің бірлескен отырысында екі рет қаралып, қабылданған бұл заң билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөледі. Сол арқылы заң шығарушы билік пен Үкіметтің мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңа рөлі айқындалады. Конституциядан кейін қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі. Осыған орай тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Бейсенбіде  Конституциялық кеңес "Парламент палаталары қабылдаған өзгерістер Конституцияға сәйкес келеді, оның ішінде конституциялық құндылықтарға, республиканы басқару формасы мен қызметінің негізгі принциптеріне де қайшы емес» - деген хабарлама таратқан.

Парламент палаталары екі оқылымда қабылдаған заң бойынша Конституцияның 19 бабына 26 өзгеріс енгізілген. Өзгерістердің негізгісі – парламент үкімет қызметін бақыламақ, қайта сайланған парламент алдында үкімет өкілеттігін тоқтатады. Бұған дейін президент сайлауынан кейін тоқтататын. Президент заң күші бар дейтін Жарлық шығара алмайды. Парламент Үкімет мүшелерін қызметтен босату туралы Президентке өтініш білдіре алады. Сонымен бірге депутаттар қосқан ұсыныстарға сай, Н.Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы деп көрсетілген. Президент Қорғаныс, Сыртқы істер және Ішкі істер министрлерін өзі тағайындайды. Террорлық қылмыс жасаған адамды сот шешімімен Қазақстан азаматтығынан айыру жазасы қарастырылған.

Конституцияға енгізілген өзгерістерге комментарий берушілер «Енді елдің экономикалық саясатына Үкімет басшысы тікелей жауапты. Мемлекеттік бағдарламалар жасау Үкіметке берілмек. Президент енді Үкімет шешімінің күшін жоюға немесе тоқтата тұруға қақысы жоқ. Яғни Үкімет өз әрекетіне өзі жауапты», - дейді. «Сұрау жаңғырыққа айналмайды» - осыдан үміттенеді. Немесе көзқарас пен ниет өзгеріп шыға келеді, жауапкершілікті сезіне кетеді деп үміттену... 

Серік Ақылбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


Осындай өкілеттіліктер беріліп отырған соң, олар өздері бағдарлама жасайды, өздері соған жауап береді. Мынау қаржы мәселесі, мемлекеттік бюджеттен төленетін нәрсені реттейтін Үкімет басшысы болады. Ал Үкімет Парламенттің алдында жауап береді.