$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«Көктем шуағы». Феминистер шеруі. Бір тал гүл...

AstanaTV
11.03.2017ж. 20:00
2883
«Көктем шуағы». Феминистер шеруі. Бір тал гүл...

8-наурыз мерекесіне орай, Президент Н.Назарбаев дәстүрге сай, өз саласында жетістікке жеткен бір топ қыз-келіншекпен кездескен. Тоқталатыны - балаларға арналған жалпыұлттық ашық есіктер күнін өткізу туралы айтты. Балалардың өздерін не толғандырады, не ойлағандары бар, не ұнамайды, нені жек көреді. Бірнеше факторға байланысты – ата-аналардан қорлық көретін балалар көбейгені сияқты, қонымды ұсыныс. Ал жалпы, «Көктем шуағы» деп аталатын жүздесуде ресми шеңберге байланбай, аңыз әфсана, әзіл-қалжың айтылды. Романс шырқалды.

Ал Алматыда 8-наурызда әйелдер құқықтарын қорғайтын феминистер «әйелдерді кемсіту бар, мысалы, еңбекақы төлеуде»,- деп, марш ұйымдастырған. Біздің қоғамда мұндай әңгіме бар. Бірақ нақ осылай көшеге шығу бізде болған емес. Сондықтан еңбекақы мәселесін білетін Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің ойы былайша айтқанда, қандай екен?- десек, Тамара Дүйсенова алматылық феминистермен келіспейді. Астанада өткен баспасөз мәслихатында қойылған сауалға байланысты айтқанының түйіні - жалақы жұмыстың ауқымы, күрделілігі, еңбек шарттарына сай төленеді...

Тамара Дүйсенова, Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі:

Нужно признать, что женщины у нас работают в основном в сфере услуг, социальной сфере. Даже у нас есть перечень производств, где запрещён труд женщины.

Енді бір деталь – 8-наурыздың арқасында шағын бизнес өкілдері әжептәуір пайдаға кенеліп қалады. «Казинформның» жазуына қарағанда, сатылатын гүлдердің 30 пайызы өзіміздің гүл өсірушілердің өнімі. 70 пайызы Эквадор, Колумбия, Нидерланд, Бельгия, Қытай, Түркия, Өзбекстаннан тасылады. Интернеттің арқасында кәсіпкерлер шығарушы елдермен тікелей жұмыс істей бастаған. Ал сауда көлеміне келсек, мысалы, 2015 жылы Голландиядан жарты миллион тоннадан астам хризантема/бақытгүл әкелінген. 3,4 млн долларға!  Ал былтыр  652 тонна хризантема -3,8 млн долларға. СК Kompetenz ақпараттық-сараптамалық орталығының мамандары болса сауалнама жүргізген – ерлердің мерекеге қанша ақша жұсайтынын білу үшін. 21 мен 60 жас аралығындағы ер кісілер қатысқан. Олар сыйлыққа орта есеппен 8 257 теңге жұмсайды екен. 40 пайыздайы гүл сатып алады. 4 пайызы ғана зергерлік бұйым сыйлайды. Ал сұралғандардың төрттен бірі ешқандай сыйлық жасамайды. Иә, сыйлыққа тек гүл ғана алынбайтыны рас. Алайда бір тал болса, негізгі сыйлық - гүл. Және оны ер-азаматтардың басым көбі ала алады. Мұны сауалнама қорытындысы да растап отыр. Сондықтан гүл сатушылар мен гүл өсірушілер нақ 8-наурызда бір жырғап қалатыны сөзсіз.

Ал әйелдердің көтеріліп қалатын көңілі, әсіресе қысы алты айға созылатын солтүстік аймақта тұратын қыз-келіншектердің, ақшамен өлшенбейтін сезім...