$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Достыққа адал бұрынғы президент...

AstanaTV
11.03.2017ж. 20:00
1881
Достыққа адал бұрынғы президент...

Кеше әлемнің ақпарат құралдары Корея Республикасының Конституциялық соты президент Пак Кын Хені биліктен біржола аластатқанын хабарлады.Саяси жанжал былтыр күзде туған – Пак Кын Хе құрбысы Чхве Сун Сильге құпия құжаттарды қарауға рұқсат берген. Құрбысы мемлекеттік қызметкер болмаса да, саяси шешімдер қабылдауға қатысқан, сонымен бірге ірі корпорациялардан өзінің қорына ақша бопсалаған. Жылдың соңында, 9-желтоқсанда осы, аса ірі жемқорлық дауының салдарынан ел парламенті мемлекет басшысына импичмент жариялаған. Конституциялық соттың шешіміне дейін қызметтен аластатылған. Енді міне, Конституциялық соттың барлық сегіз судьясы президентті қызметінен босатуды жақтап дауыс берген. Ханым өмірінің соңына дейін берілетін 10 жарым мың доллардай зейнетақыдан айырылады. Көмекші де қалмайды, тегін медициналық көмек те көрсетілмейді. Экс-президент қылмыстық тергеуге жол бермейтін иммунитеттен де айырылады. Ал бұл прокуратураның Пак Кын Хені тергеуіне мүмкіндік береді. Жан құрбысы Чхве Сун Силь мен Samsung компаниялар тобының нақты басшысы Ли Чжэ Ен бойынша қозғалған жемқорлық істерге сәйкес. Прокуратура экс-президенттің қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деп есептейді. Корея Республикасында 60 күн ішінде президенттік сайлау өткізілуі тиіс. Жан құрбылардың достығына сызат түспес ме екен?..