$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оңтүстік Кореяның конституциялық кеңесі президентке қатысты импичментті бекітті

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
2631
Оңтүстік Кореяның конституциялық кеңесі президентке қатысты импичментті бекітті

Оңтүстік Кореяның конституциялық кеңесі президент Пак Кын Хенің импичментін бекітті.  Жемқорлық дауында аты шыққан ол қызметінен шеттетілді. Артынша қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін, - деп хабарлайды Рейтерс.

Сот Пак Кын Хені жақын құрбысы әрі бақсысы Чхве Сун Сильдің жымысқы әрекеттерін жасырып, саясатқа араласуына рұқсат бергені үшін айыптады. Сильдің өзі заңсыз бірқатар коммерциялық емес ұйым құрып, қайырымдылыққа деп 65,5 миллион доллар жинағаны үшін кінәлі деп танылды. Жанжалға әйгілі Samsung корпорациясының да қатысы бар. Енді конституцияға сай жаңа президент 60 күннен кейін сайланады.

Айта өтейік, ел үкіметі Пак Кын Хеге қатысты алдын ала импичментті 2016 жылдың қазан айында шығарған. Алайда ресми шешім шыққанша, Пак Кын Хе президент қызметін атқарып келген. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА