$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматылық түлек ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді

AstanaTV
21.08.2024ж. 16:46
282
Алматылық түлек ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді

Алматылық талапкер Медина Майсар ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Медина Майсар жоғары балл алса да, грантқа түспей қалғанына, ал одан төмен алғандар грантқа ілігіп кеткеніне наразы.

"Кеше бірінші талапкер ғылым министрлігіне әкімшілік шағым түсірді. Өкініштісі, министрлік әлі күнге дейін өз қатесін мойындамай, заңға қайшы келіп, төтенше квота енгізуге құқығы бардай сыңай танытып отыр", – дейді заңгер Халида Әжіғұлова.

Оның айтуынша, мектеп бітіріп, мемлекеттік грантқа ие бола алмай қалған 200-ден астам бала көмек сұрап келген.

Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Әжіғұлова ондаған баланың сотқа шағымдануға ниетті екенін атап өтті. Осыған дейін Медина Майсар президентке үндеу жолдап, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қызметінен босатуды сұраған еді.

Министрлік арнайы байланыс орталығын іске қосты. Онда қосымша білім гранттары туралы барлық қажет ақпаратты ала аласыз. 10 мың гранттың 3 мыңын еліміздің жетекші жоғары оқу орындары, 2 мыңға жуығын жұмыс берушілер мен "Қазақстан халқы" қоры, қалғанын облыс әкімдіктері бөледі. Содан кейін министрлік тағы 10 мың грант бөлетінін мәлімдеді.

Еске салсақ, желіде түлектер ЖОО-ға түсу грантының басым бөлігі су тасқынынан зардап шеккендерге берілгеніне қарсы шыққан еді. Олар петиция жариялап, министрлікті сотқа берді.