«AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері жұмысын бастады. «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан кең ауқымды шараға барлық өңірден делегаттар келді.
Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:
"Жастар рухының" қатарында 125 мыңнан астам жас бар. Солардың үздіктерін жылда жинап, осы жерде бір бірімен таныстырып, оларды оқыту. Жалпы республикалық жастар саяси лагерінің алаңында жастар өздерінің потенциалдарын ашып, түрлі оқытулардан өтіп, бір-бірімен нетворкинг орнаттырып, әрі қарай бірге жұмыс жасайды.
Мұнда жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға арналған түрлі бағыттағы тренингтер, тимбилдингтер және «Bir tolqynda» диалог алаңы өткізіліп, түрлі тақырыптар шеңберінде пікір алмасулар өтеді. Әр өңірден келіп, бас қосқан жастардың сауық кеші аймақтардың концерттік номерлерімен жалғасын таппақ. Айта кетейік, саяси лагерь 24 тамызға дейін жалғасады.
Алмат ЕСЕНБЕКОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСИ ЛАГЕРІНІҢ ҚАТЫСУШЫСЫ:
Бүгінгі лагерь осында жиналған жастарға көптеген дүние береді деген сенімдеміз. Себебі елімізге белгілі мықты спикерлер, жан-жақты түрлі салада жүрген білікті мамандар біздерге өздерінің білгендерін бойымызға сыналай сіңіріп, біздің әрі қарай тұлға ретінде қалыптасуымызға өзінің септігін тигесетін көптеген дүние үйрететін болады.
Лагерьге еліміздің түкпір-түкпірінен белсенді жастар келген. Олардың барлығы - өз салаларының көшбасшылары. Еріктілер де бар. Білім мен өнерді қатар ұштастырған жастар білгеніміз бен түйгенімізді одан әрі дамытамыз деген сенімде.
Нұрбол СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Көңіл-күй өте керемет. Мотивацияға толы. Жалпы ол жақта біз не үйренеміз? Сол жақтағы бізбен қатарлас әр регионнан жиналған мықты-мықты жастармен бірге керемет дискуссия құрамыз, араласу болады, жаңа таныстықтар болады.