$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлап кеткен

AstanaTV
21.08.2024ж. 21:26
369
Алматыда бір айда 6 бала терезеден құлап кеткен

 Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бағдат Чайзада елімізде жыл басынан бері 150-ден астам бала терезеден құлап кеткенін айтты, - деп жазды KAZINFORM.

Қалалық ТЖД мәліметіне сәйкес, Алматыда осы жылдың 8 айында баланың терезенің құлап кетуі бойынша 11 жағдай тіркелген. Оның алтауы биыл тамыз айында болған.

— Балалар түрлі жарақаттармен, соның ішінде ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда, бүлдіршіндер жазылып, үйлеріне жіберілді», - деді Бағдат Чайзада.

Сондай-ақ оның айтуынша, 5 оқиға — ата-аналар мен қамқоршылардың балаларды қараусыз қалдыруынан, біреуі — ата-ананың қырағылық танытпауы себебінен туындаған. Соңғы жағдайда, баланың 38 жастағы әкесі таңертең басқа бөлмеде ұйықтап жатқан.

— Соңы қайғылы аяқталып жататын жазатайым оқиғалардың негізгі себебі — балаларды қараусыз қалдыру және көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінде қорғаныс құралдарының болмауы, — деді ол.