Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіпке бет бұрғаннан гөрі, дайын өнім сатуға бейім

AstanaTV
10.03.2017ж. 20:00
2863
Кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіпке бет бұрғаннан гөрі, дайын өнім сатуға бейім

Еліміздің ішкі нарығындағы отандық жеңіл өнеркәсіптің үлесі тек 5 пайызды ғана құрайды. Ал қазақстандық нарықта дәл осы бағыттағы тауар айналымы жылына 900 млрд теңгеге тең. Жеңіл өнеркәсіптің бүгіні мен ертеңі жайында өткен жиында осы және өзге де маңызды мәселелер қозғалды. Отандық өндірушілердің тағы бір кемшілігі, дайын шикізатты өздері жасаудан гөрі, шетелден сатып алуы да өз алдына бизнестің бір проблемалық бағытына айналған. Яғни мақта өсіріп, тері мен жүнді илегісі келетіндер аз. Астанада өткен басқосуға арнайы Шымкенттен келген «Азала Текстиль» компаниясының директоры Гүлнар Садықбекова басқаратын кәсіпорынның қуаттылығы 80 пайызды құрайды. Өндіріс бір жолға қойылған. Енді халық пен үкіметтің сенімі керек,-дейді.

Гүлнар Садықбекова, кәсіпкер:

Импорттық тауарларды отандық өнімдермен алмастыру қазіргі күн тәртібіндегі тұрған өткір мәселе.  Өз елімізде еңбек етіп, тауар өндіріп, халықты жұмыспен қамтып отырған компанияларға көңіл бөлетін уақыт жетті. Оларды дамыту керек. Мысалы, Еуропадан келетін заттардан біздің шығарған бұйымдардың сапасы төмен емес. Тең дәрежеде. Біздің цехтарда еуропалық техника орнатылған. Басты проблема - танымалдылықтың төмен болуы. Ұлттық брендтерді жетілдіру үкімет пен ұлттық компаниялардың мүддесіне айналса, жақсы болар еді.    

Айбек ҚОСАН