$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

AstanaTV
22.08.2024ж. 09:13
180
Мемлекет басшысы шахтерлерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шахтер күні қарсаңында отандық көмір өнеркәсібі саласындағы жемісті еңбегі және кен игеру ісін дамытуға қосқан үлесі үшін бір топ шахтер мен сала қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

 36 шахтер «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 1 қызметкер ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 27 кенші ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 43 азамат «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.