Қырғызстандағы Ыстықкөл облысында биік таудағы көл тасып, 160 адам эвакуацияланды. Табиғи апатқа толассыз жауған жауын-шашын себеп болған. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, халықтың қауіпсіздігі үшін жергілікті билік органдары Туура-Суу ауылынан 90 адамды және балық зауыты жанындағы 70 тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген. Олар жақын маңдағы елдімекендерге қоныстанған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.