$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Банкроттыққа өтініш бергендердің 76 % астамы кері қайтарылған

22.08.2024ж. 20:00
339
Банкроттыққа өтініш бергендердің 76 % астамы кері қайтарылған

109 мыңнан астам қазақстандық банкроттыққа өтініш білдірген. Оның 84,2 мыңы кері қайтарылды. 15 мыңнан астам адам банкрот деп танылып, нәтижесінде 35 млрд теңге көлемінде берешегі кешірілген. Ал сот арқылы банкроттықа және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін 3350 азамат жүгінген. Алайда соның 21 інің ғана арызы қабылданды. Кешірілген қаржы- 13 млрд теңге. Олардың көбі -Алматы, Жамбыл облысының тұрғындары.

Меруерт СИСЕМБАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ДӘРМЕНСІЗ БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бүгінгі таңда өзін банкрот деп өтіп, рәсім 6 айдың ішінде өтеді. Алты айдың ішінде уәкілетті орган мұндай азаматтар бойынша қаржылық мониторинг жасайды. Сол мониторингтің бәрін сәтті өтіп бүгінгі таңда 15236 адам өзін банкрот деп танып отыр. Банкроттықа бергендердің басым бөлігі Алматы облысы, Алматы қаласында, Жамбыл облысында. Енді адам шоғыры қайда көп болып тұрса статистикада сол жерде басым болып тұрады.