$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ақыл сатамын"

22.08.2024ж. 20:00
196
"Ақыл сатамын"

Қазір ақылын ақшаға сататындар көп. Бірақ, оны біреу қолдаса, біреу дұрыс емес деп санайды. Сұңқар Расул бірнеше кәсіппен айналысады. Ол бизнес коучтардың сабағына бір рет қатысып мүлдем көңілім қалды дейді. Айтуынша, іскерлік әлемінде табыс тәжірибемен келеді. Сондықтан тренингтерге босқа ақша шашудың қажеті жоқ деген пікірде.

Сұңқар РАСУЛ, КӘСІПКЕР:

Олар мотивация береді деп айтар едім. Жалпы қатысқанмын бір рет. Айтпай ақ қояйын оның аты-жөнін. Маған берген оның пайдасы мотивация ғана болды. Мен қатысар едім менің кәсібіме қатысты шыңға шыққан адам болса сол коучтың айтқанын тыңдар едім. Егер ол адам өзі мықты болса нақты бір кәсіптің шыңына шығып соны дамытпайды.

Иә ақшасын берсең, кәсібіңді дөңгелетемін, керек болса отбасылық мәселеңді де шешіп беремін дейтін ақылшы жетіп жатыр. Әлеуметтік желідегі жарнамасы желдей ескен коучтарға біз де хабарласып көрдік. Бағасы да арзан емес.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

-Жарнама бойынша хабарласып едім.
            -Сіз қай қаладансыз?
            - Астана қаласынанмын.
            -Аха, иә, Астана қаласында 6 сентябрь күні болады, көрген шығарсыз. Негізі бұрын қатысып пе едіңіз? Әлде бірінші рет пе?
            -Бұрын бір рет қатысып көргенмін.
            -Инстаграмдағы, ютубтағы біздің каналды көрсеңіз всегда ол кісіде мотивациялық роликтер, кітаптар түрі, сол сияқты сабақтары өткізіледі бізде...
             -Бағасы қанша болады?
             -Алдыңғы, артқы қатар болып бөлінеді, кофе-брейк барлығы бар. Виптің бағасы 29 900, стандарттың бағасы 19 900теңге. Ред, рассрочка барлығы қарастырылған.

Ахметбек Нұрсила бизнес коуч өткізетін мамандардың қажет екенін айтады. Бірақ, жаттықтырушы таңдағанда мұқият болған жөн дейді.

Ахметбек НҰРСИЛА, БИЗНЕС ТРЕНЕР:

Өзінің жаттықтырушысы жоқ спортсменді көз алдыма елестете алмаймын. Дәл солай өнермен айналысқан адамға да. Бизнесте де дәл солай. Менің өзімнің көптеген тренерлерім болды. Мен де көптеген адамдарға тренер болдым. Тренерді қалай таңдау қажет? Тренерді нәтижесіне қарап таңдау қажет. Үй салсаң қанша үй салдың? Бақша өсірсең қанша бақша өсірдің деген секілді?

Қорыта айтқанда нақты бір салада тәжірибесі бар маманның ғана кеңесіне құлақ асқан жөн. Жалаң мотивация мен әрекетсіздік, кімді де болса жарға жығатыны анық.