$493.85 €519.04 ₽4.97
×

Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған: Павлодар облысында бір аптада екі сәби көз жұмды

AstanaTV
23.08.2024ж. 07:00
178
Аналары емізіп отырып, ұйықтап қалған: Павлодар облысында бір аптада екі сәби көз жұмды

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиғалар туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері хабарлады.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.