$492.17 €522.39 ₽5
×

Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады

AstanaTV
23.08.2024ж. 09:17
270
Үкімет көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі шаралар кешенін қабылдады

Үкімет жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда. 

2024 жылы жол-құрылыс жұмыстарының көлемі рекордты 12 мың шақырымға жетеді, оның 8 мың шақырымы еліміздің өңірлерін байланыстыратын стратегиялық маңызы бар көлік күре жолдарын қамтамасыз ететін республикалық жолдарды құрайды. Қалған 4 мың шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар.

Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолдың құрылысы, реконструкциясы және жөндеу жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда, мысалы, «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» сияқты ірі көлік күре жолдарын реконструкциялау жұмыстары аяқталады. Бұл жобалар жол жүру уақытын қысқартады, көлік шығындарын азайтады әрі жол қауіпсіздігін арттырады. Аталған жобалардың жалпы ұзындығы – 2 мың шақырым.

Түркістан облысында Шақпақ баба асуында туннель құрылысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы – 840 метр. Құрылыс аймақ үшін үлкен маңызға ие, өйткені асу «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізінің күрделі бөлігі болып саналады. Қазіргі уақытта бетон мен асфальт төселіп, негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Бүгінде бейнебақылау жүйелерін, желдету және өртке қарсы жабдықтарды орнату бойынша іске қосу-реттеу жұмысы жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір маңызды объект – Алматы облысындағы Шамалған стансасында автомобиль жолы өтпесінің салынуы. Өткелдің ашылуы автокөліктердің темір жолдардан қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз етуі тиіс.

Қазақстанның шығысында ұзындығы 1 316 метр Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы аяқталуда. Көпірдің өзінен бөлек, жоба жалпы ұзындығы 19 шақырым болатын кірме жолдың құрылысын қамтиды, бұл Шығыс Қазақстан облысында көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 21 тіректі орнату және 20 металл аралықты монтаждау жұмыстары аяқталды. Көпір мен кірме жолға асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмысы жүргізілуде.

Көпір мен кірме жолға асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмысы жүргізілуде.

Бұл жобаларды іске асыру алдағы жылдарға қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз ете отырып, бүкіл ел бойынша жолдардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді.