$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атыраулық шаруалар төтенше жағдайға қарамастан, егін егіп, өнім жинауда

23.08.2024ж. 20:00
264
Атыраулық шаруалар төтенше жағдайға қарамастан, егін егіп, өнім жинауда

Атыраулық шаруалар төтенше жағдайға қарамастан, егін егіп, өнім жинауда. «Отбасы» шаруа қожалығы биыл өзіне тиесілі 60 гектардың 40 гектарына дән септі. Бірақ тасқын судан қорғану оңай болмағанын айтады. Егін алқабын айналдыра бөгет соғып, бассейн қазған. Дихандардың еңбегі еш кеткен жоқ. Биыл екі мың тоннадай өнім жинауды көздеп отыр.

Нұрбол ОРЫНБАЕВ, «ОТБАСЫ» ШҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

СУ тасқынына қарамай, біз рисковать етіп, өнімімізді отырғыздық. Егіннің ан-жағына дамбы құрастырып, бассейн қазір өзімізге. 40гектардан 2000тонна өнім күтіп отырмыз. Өнімдер пияз, сәбіз, қырыққабат , картоп. Құдай қаласа, қыркүйектің 15інен бастап өнім жинау басталады.

Шаруа қожалығы келер жылы өнімді 3 есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Төтенше жағдай кезінде егін алқабының жартысын болса да аман алып қалып, тынымсыз еңбек етіп жатқан шаруалар баршылық. Сондықтан биыл қолжетімді бағада сатылатын әлеуметтік маңызы бар көкөністің көлеміне еш әсер етпейді,- дейді мамандар. Тұрақтандыру қорының қоймасына биыл 5667 тонна картоп, пияз, қырыққабат пен сәбіз сақталады.

Азат ҚАПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Тасқын су уақытында әр шаруашылық өз егіс алқаптарын өз күшімен, алып қалып жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органмен де көптеген күш көмек көрсетілді. Біздің жергілікті тауар өнідірушілер жылда келісім-шартқа отырып, бағасын тұрақтандыру мақсатында отырған шаруа қожалықтар өз өнімдерін сақтайтын болады. Биылғы шаруа қожалықтар бізбен келісім шартқа отырған олардың егіс алқаптары су астында қалған жоқ.

Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде 136 шаруа қожалықтың егіс алқабы су астында қалған. Қазір арнайы комиссия шығынды есептеп жатыр. Әкімдіктегілер соған сәйкес қаражат төленетінін айтады. Ал қара жерден несібе терген диқандар күзгі өнімді жинауға кірісіп жатыр.