$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының халқы жол азабынан құтылды

23.08.2024ж. 20:00
353
Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының халқы жол азабынан құтылды

Батыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының халқы жол азабынан құтылды. Көктемде батпаққа, қыста қарға батып, бейнеттен көз ашпаған ауылдықтар енді тақтайдай тегіс жолмен қатынайтынына қуанышты.

Карл МӘЖИТОВ, ТҰРҒЫН:

Аудан мен облысқа қатынас өте қиын еді. Мысалы, облыстың орталығына бару үшін біздер 10-12 сағат уақыт керек еді. Қазір Алла Тағалаға шүкір, жол бітіп, 4-5 сағатта қамтып отыр барып-келетін жерді. Ауыл деген қандай керемет қазір? Қай жаққа да қатынас бар, тамаша!

 "Казталов-Жәнібек-Ресей шекарасы" тас жолы батыс өңірдің бас ауруына айналған басты мәселе еді. Пандемия мен қымбатшылық қос бүйірден қысқан жобаны іске асыру төрт жылға созылды.

Марат МАХАМБЕТОВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Жолдың салынуына мына материалдың қымбаттауына байланысты, инертті материалдың болмауына байланысты, бір кезде битум болмағандықтан, кешеуілдеп қалды. Былтырдан бері осы жұмыстарды қолға алып, битум мәселесі шешілді. Алла бұйыртса, биыл қолданысқа береміз. Халық осы жолдың игілігін көретін болады.

Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделеді. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Оның 8 мың шақырымы - еліміздің өңірлерін байланыстыратын республикалық жолдар. Қалғаны - жергілікті маңызы бар жолдар. Жыл соңына дейін 7 мың шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Қарағанды – Алматы», «Талдықорған – Өскемен» және «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» күре жолын реконструкциялау аяқталады.

12 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

1. 8 мың - республикалық жол

2. 4 мың - жергілікті маңызы бар жол

7 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

«Қарағанды – Алматы»

«Талдықорған – Өскемен»

«Ақтөбе – Атырау – Астрахан»