"Заңның тілі халыққа түсінікті болуы керек". Мәжіліс депутаты Марат Башимов заң тілі ауыр болған соң көп адам құқығын білмей жатады дейді. Сондай-ақ лудомания, теңдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық және әділеттілік мәселелеріне де заңда мұқият назар аудару керегін айтты. Сарапшылар құқық үстемдігін нығайту мен азаматтық қоғамды дамыту тақырыптарын халықаралық конференцияда талқылады. Диалог алаңында мемлекет пен қоғамның тұрақты ілгерілеуі үшін конституциялық сот төрелігін жетілдіру қажет екені айтылды. Сонымен қатар Германия, Финляндия, Швейцария, Өзбекстан және Қырғызстанның заңгер-ғалымдары өздерінің үлгілері мен тәсілдерін ұсынды.
Марат БАШИМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Заң түсінікті болу керек. Қарапайым азаматқа заң тіл мәселесінде жеңіл болу керек. Соған біз жету керекпіз. Әділеттік экономика, әділеттік салада әділетті қоғам болсын. Әділеттілік принципті іске асыру деген бірінші орында міндетті болу керек.