Астанада кеншілер күні аталып өтті. Өмірін тәуекелге байлап, жүздеген шақырым тереңдікке түсіп тірлік ететін мамандардың бірқатарына құрмет көрсетілді. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада саланың озат жұмысшылары мен ардагерлері марапатталды. Вице-министр Олжас Сапарбеков кеншілерге ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденін және «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады. Айта кетейік, елімізде жылына 110 млн тоннадан аса көмір, 150 млн тоннаға жуық мыс, 40 млн тоннадан астам алтын кені өндіріледі. Жерасты қазба байлығын ел игілігіне жеткізіп беруде кеншілердің үлесі зор.
Мирас ӘЛКЕНОВ, "ШҰБАРКӨЛ" АҚ БҰРҒЫЛАУ, ҚОНДЫРҒЫЛАУ, ЖАРУ ШЕБЕРІ:
Өзімнің әкем 33 жыл қызмет еткен. Қазақта мақал бар ғой ""Әке көрген оқ жонар" деген әке жолын қуып, шахтер дамбысында жұмыс істеп жатырмын. Мен өзім дәл сол "Шұбаркөлде" 15 жыл жұмыс істеймін. Жұмысымды өзім құрметтеймін, сүйемін, жұмысыма қызмет етуге әрдайым дайынмын.