$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда Наурызбай ауданында биыл тұрғын үй секторында 29 өрт оқиғасы болған

23.08.2024ж. 20:00
167
Алматыда Наурызбай ауданында биыл тұрғын үй секторында 29 өрт оқиғасы болған

Жомарт ТҮЗЕЛБАЙ,ТІЛШІ:

Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында ағымдағы жылдың басынан бері тұрғын үй секторында 29 өрт оқиғасы тіркелсе, көмірқышқыл газынан уланудың 1 оқиғасы тіркелген. Бұл алдыңғы жылға қарағанда үлкен көрсеткіш. Қазір айтып келмейтін апаттардың алдын алу үшін төтенше жағдай департаменті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еркебұлан ӨМІРБОЛАТ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Үйдегі орналасқан пештің өзін әктеп, мына адамдарға ескерту жасап жатырмыз. Әктеген соң қараға боялынған жерлер болса ол демек улы газдың шығып жатқан іздері, белгісі. Оған назар аудару қажеттігін біз адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Төтенше жағдайлар басқармасы халыққа түсіндірме жұмыстарын жасап қана қоймай әлеуметтік осал топтардағы адамдарға СО детектор 13 атты датчиктер орнатып берді. Бұл датчиктің қызметі үй ішінде қандай да бір көмірқышқыл газының исі сезілсе бірден сигнал қосылып, адамдарға ескерту береді. Құрылғы әсіресе түнде шырт ұйқы кезінде көп пайдасын тигізеді.

Любовь ТЕЛИХОВА, ЗЕЙНЕТКЕР:

Мен -жалғызбасты зейнеткермін. Осында тұрып жатқаныма 7 жылдан асты. Бүгін қызметкерлер үйдегі пешімді жөндеп, құрылғы орнатып берді. Бұл маған үлкен пайдасын тигізеді.

Наурызбай ауданында 23 мың 535 жеке тұрғын үй болса, оның 49-ы көмірмен жылытылады. Тұрғындар жылу маусымы басталмай тұрып пеш пен мұржалардың жұмыс істеу қабілетін, сонымен қатар электрмен жабдықтауды тексеру керек. Мамандардың айтуынша, өрт көп жағдайда электр қосқыштары мен жалаң сымдардан болады.