Алматыда 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау болмайды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Бұл туралы қала әкімінің міндетін атқарушы Әсем Нүсүпова мәлімдеді.
"1 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз", – деді әкімнің орынбасары.
1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келетіндіктен бұл күні алматылық оқушылар демалады.
Білім күніне арналған 10-15 минуттық жиын, бірінші сыныпқа баратындар үшін тәрбие сағаты 2 қыркүйек таңертең өткізіледі. Ақпаратты Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі растады.