$478.93 €534.96 ₽5.16
×

«Мектеп оқушылары 15 қыркүйектен бастап оқиды» деген ақпарат жалған

AstanaTV
23.08.2024ж. 22:38
185
«Мектеп оқушылары 15 қыркүйектен бастап оқиды» деген ақпарат жалған

«15 қыркүйектен бастап мектеп оқушылары онлайн оқып, бетперде тағады» деген ақпар жалған. Бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті растады.

Сала мамандарының айтуынша, қыркүйектің 15-нен бастап тұмауға қарсы екпе егу жоспарланып отыр.

Бұл – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жыл сайынғы қаулысына сай жүзеге асырылатын шара. Бетперде тағу режимі тек медициналық қызметкерлерге қатысты енгізілмек.

Ал WhatsApp желісі арқылы тараған аудиохабарламада әлдекім вирус тарап жатқанын айтып, жұртты дүрліктірген.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлады.