Дағыстан астанасы Махачкаладағы республикалық офтальмологиялық аурухананың дәрігерлері 55 жастағы ер адамның көзінен 35 құрт алып, оның көз жанарын сақтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Медициналық мекеменің Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ ер адам оларға жедел медициналық жәрдем ауруханасынан түскен. Дәл сол жерде медицина қызметкерлері науқастың көзінен құрттарды байқаған.
"Көмек уақтылы көрсетілді және біз науқастың көру қабілетін сақтап қалдық", - деп түсіндірді көз жарақаты бөлімінің меңгерушісі Наида Гойтиева.
Қазір науқастың жағдайы жақсы, енді оның денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді.