Сәуірден
бастап жүргізуші куәлігін алу үшін арнайы оқу курсынан өту міндетті болмауы
мүмкін. Еліміздің Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңға тиісті өзгерістер
енгізіп, азаматтардың өз бетімен дайындалып, куәлікке қол алуына мүмкіндік
жасамақ. Министрліктегілер осылайша жүргізуші куәлігін алу тәртібін жеңілдетуді
көздейді. Алайда астаналық жүргізушілер қауымдастығы мен қоғам белсенділері
аталмыш өзгеріс жеңілдік емес, қиындық әкеледі деп отыр. Толығырақ Азамат
Алдоңғаровтың материалында.
Осы
жылдың сәуірінен бастап ел көшелеріне ұстаз алдын көрмеген, көлік жүргізудің
теориялық білімін өз бетімен оқып-үйренген жаңа буын жүргізушілері шығуы бек
мүмкін. Ішкі істер министрлігінің жауапты қызметкерлері заңға тиісті өзгерістер
енгізбек. «Б» категориялы, яғни әуесқой жүргізуші атанғысы келгендер үшін, көлік
мектебінде оқу талабын алып тастамақшы.
Ерлан
Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Бұрын
азаматтардың барлығы міндетті түрде автомектептердің оқуынан өтетін. Қазір
әдебиет өте көп, оның ішінде интернет беттерінде түрлі емтихан бағдарламалары
бар. Осының арқасында азамат теориялық білімді өзі алып, тәжірибені арнайы
маманнан үйреніп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып өз
бетінше емтихан тапсыра алады.
Осылайша
азаматтардың уақыты үнемделіп, қалтасы бүтін қалады, дейді тәртіп сақшылары.
Оның үстіне жол-көлік қозғалысы да жеңілдейді-мыс. Алайда жүргізуші
тәрбиелеумен отыз жылдан астам айналысатын Жылқыбай Елеусізұлы, бұл реформа
жолдағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізері сөзсіз, деген пікірде.
Жылқыбай
Балтабаев, көлік мектебінің директоры:
Ол
жүргізуші, ол ертең көшеге шығады. Оның арты неге әкеліп соғады? Жол
қауіпсіздігін ойлау керек. Меніңше, мектепте дайындалған жүргізуші мен үйде
дайындалғанның ерекшелігі өте жоғары болады.
Маман
көлік жүргізушіні екі жылдап оқытатын кеңестік кезеңде де осы салада қызмет
еткен. Қазір екі жарым айға дейін қысқарған бағдарламада берілетін білімді өз
бетімен оқып үйрену мүмкін емес дейді.
Жылқыбай
Балтабаев, көлік мектебінің директоры:
Программа
бойынша 228 сағаттың ішінде 16 сағат медицинадан дайындығы бар, 90 сағаты жол
ережесі бар, 90 сағат жол қауіпсіздігі бар, көлік құрылысынан 24 сағаты бар.
Осының барлығы мектепте алынады. Содан кейін барып, алған білімдерін мектепте
тәжірибе жағынан, «мастер производственного обучения» дейміз, олар практика
жағынан оқушыларды бөлек дайындайды.
Қауіпсіздіктен
бөлек, мәселенің экономикалық тиімсіз тұстары да бар. Бірінші кезекте, негізгі
табысын осы «Б» котегориялы жүргізушілерді оқытудан пайда көріп отырған мектептер
күрт қысқарады. Астанада жүргізуші дайындайтын 44 арнайы орталық бар. Онда
әрбір екі жарым ай сайын орта есеппен 150 жүргізуші оқып шығады. Одан мектеп ай
сайын 4,5 миллионнан 7,5 миллион теңгеге дейін табыс көреді.
Ардақ
Күбетаев, Астана қаласының көлік мектептері қауымдастығының төрағасы:
Айына
әр автомектеп жоқ дегенде 5-6 топ жинайды. Алты группада 25-30 адамнан. Ал
қалған Д,С категориялары қатты сұранысқа жатпайды. Сондықтан Б категорияны алып
тастағаннан бәленше адам жұмыссыз қалады.
Ал
ел арасында белгілі «ОСА» автоәуесқойлар қозғалысының жетекшісі, бұл бастама
арқылы үкімет жолдағы жағдайды одан бетер ушықтырады дейді. Әлемдік денсаулық
сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстанда әрбір 100 мың адамның 22-сі жол-көлік
оқиғасында ажал құшатын көрінеді.
Руслан
Лазута, «Оса» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Үйде
отырып жол жүру ережесін жаттау ақылға қонымсыз бастама. Адамға тәжірибе керек.
Қалада, тас жолдарда, күндіз, түнде, түрлі ауа райы жағдайында жүріп үйрену
керек. Бұның арты жүргізушілердің онсыз да төмен мәдениеті мен білігінің мүлдем
төмендеуіне алып келеді. Өліммен бітетін жол-көлік оқиғалары көбейеді. Қазірдің
өзінде бұл проблеманы шеше алмай отыр.
Көлік
басқаруды ұстаз алдында үйренуді болашақ жүргізушілердің өздері де қолдайды.
Посмотрите,
у нас здесь даже места для парковки нет. А профессионалы нас обучают. То есть
сама я бы так и не научилась ездить.
Қарама-қайшылықтарды
қанша тізгенмен, өзгеріс сәуірден күш алады. Заң томпақ болғанымен, ендігі
шешім көлік жүргізуге ниетті есті азаматтың өзінде.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ