$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Ақтау маңында доңғалақтардың жануы салдарынан газ құбыры жарылды

AstanaTV
25.08.2024ж. 00:15
109
Ақтау маңында доңғалақтардың жануы салдарынан газ құбыры жарылды

Оқиға қала маңында «Рахат» сауда үйінің жанында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аспанда қара түтіннің басқаны туралы ақпарат кеше, 23 тамызда, сағат 20:24-те өрт сөндіру бөліміне түсті.

Автомобиль доңғалақтарының жанғаны анықталды.

Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан жақын маңдағы газ құбыры жарылды.