$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда екі автокөлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

AstanaTV
25.08.2024ж. 14:50
198
Алматыда екі автокөлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

 Алматыда екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 6:50-де Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

"Audi маркалы автокөліктің жүргізушісі Әуезов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жандосов көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл тыйым салу сигналына шығып, Жандосов көшесімен шығысқа қарай келе жатқан Лада маркалы автокөлікпен соқтығысты. Осы ЖКО салдарынан Лада автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы дене жарақатын алды", - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Апат дерегін тергеуге Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.