$541.01 €640.34 ₽6.52
×

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшақ паркі тексерістен өтті

AstanaTV
29.03.2016ж. 20:00
«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшақ паркі тексерістен өтті

«Бек Эйр» әуе компаниясының ұшақтарымен қатынау қауіпсіз. Осындай мәлімдемені біздің арна тілшілеріне Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшу, пайдалану басқармасының басшысы мәлімеді. Көпбосын Тоқпақбаевтың айтуынша, парк түгел тексеріліп, төтенше жағдай болған күні-ақ өткізілген.

Көпбосын Тоқпақбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті ұшу, пайдалану басқармасының басшысы:

Бұл оқыс жағдай, енді мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін, біз бүкіл «Бек Эйрдегі» ұшақтар паркін «Фоккер-100» тек қана «Бек Эйр»де бар, техникалық тексеруден өткіздік, қазір ұшатын ұшақтар сол техникалық тексеруден өтіп, ұшып жатыр. Қауіпсіз.

Еске салайық, 27 наурыз күні «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» маркалы ұшағы Астана әуежайында апатты жағдайда қонған еді.  Қызылордадан шыққан әуе кеменің қонар кезде алдыңғы тіреу тағаны істен шықты. Абырой болғанда, бортта болған 116 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі дін аман. Кемені жерге сәтті қондырған экипаж командирі Дмитрий Родин бастаған экипаж мүшелеріне мемлекеттік наградалар табысталмақ. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА