Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясының филиалы Қостанайдағы кәсіпкерге қол ұшын берді

«Нұр Отан» партиясының филиалы Қостанайдағы кәсіпкерге қол ұшын берді

«Нұр Отан» партиясының өкілдері қостанайлық кәсіпкерге қол ұшын созып, жер телімін алуға көмек көрсетті. Тұрған Есжанов енді шағын дүкенін кеңейтіп, шаһар тұрғындарына көкөністің түрлерін көптеп сатуды жоспарлап отыр. 6 жылдан бері осы іспен айналысатын кәсіпкер бизнесін кеңейту үшін іргедегі бос жер телімін алғысы келіп, қалалық әкімдікке арыз жазады. Алайда, мәселе ұзаққа созылып кеткен көрінеді. Ақыры көкөніс сатушы «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына келген. Шахар әкімінің орынбасарымен жүздесіп, жағдайын айтқан соң, мәселе оң шешілді. Кәсіпкер 42 шаршы метр жерді 10 жыл мерзімге жалға алатын болды. Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалының көмегіне 57 адам жүгінген. 7 тұрғынның мәселесі  түбегейлі шешілді. Өзгелеріне түрлі сала мамандары кеңес берді.

Тұрған Есжанов, кәсіпкер:

Екі жылда шешілмеген мәселені екі айдың шінде шешіп берді. Үлкен алығысымды, рахметімді айтамын. Құдай бұйыртса, енді дүкенді үлкейтем, өзіме де, жұртқа да жақсы.

Манарбек Сұлтанғазин, «Нұр Отан» партиясы Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Нұр Отан» партиясының Қостанай қалалық филиалының қоғамдық қабылдауына былтыр 244 адам келген. Солардың басым бөлігне мамандар кеңес беріп, жөн сілтеді. 22 адамның мәселесі толық шешілді. Солардың бірі Тұрған Есжанов. Бизнесін кеңейткісі келетін кәсіпкерге жер телімін алу үшін көмек көрсетілді.