$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтауда құтқарушылар 18 жастағы жігіттің денесін судан шығарды

AstanaTV
26.08.2024ж. 10:56
257
Ақтауда құтқарушылар 18 жастағы жігіттің денесін судан шығарды

Ақтауда құтқарушылар судан 18 жастағы жігіттің денесін шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 тамызда сағат 17:40 шамасында Каспий теңізінің жағалауында қайғылы оқиға болды. Солдат жағажайы ауданында Маңғыстау облысының тұрғыны, 2006 жылы туған А.Б.Тілеп катамараннан секіріп, суға батып кеткен.

«Іздеу жұмыстары кезінде жас жігіттің денесі 2 метр тереңдіктен және Солдат жағажайы аймағында жағадан 300 метр қашықтықта табылды», - деп хабарлады ТЖД.

Айта кетерлігі, дәл осы Солдат жағажайында 7 шілде күні 1999 жылы туған жігіт суға батып кетті. Марқұмның денесі 8 шілдеде табылды.