$486.65 €524.46 ₽5.05
×

«Таза бейсенбі» акциясы аясында Нияз би кесенесінің айналасы абаттандырылды

26.08.2024ж. 20:00
301
«Таза бейсенбі» акциясы аясында Нияз би кесенесінің айналасы абаттандырылды

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» акциясы аясында «Нияз би» кесенесінде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ақ кесене Ақмола облысы Қосшы қаласына қарасты Тайтөбе ауылында орналасқан. Партия мүшелері, депутаттар, қала тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлері тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты. 

РАҚЫМЖАН СЕЙДАХМЕТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОСШЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл жерді тарихи орын деп атап өттік. Осыдан 15 жыл бұрын осы Ақ кесене Нияз би атамызға арнайы орнатылған. Бүгін сәті келіп тұр осы күннің,15 жыл толып отыр. Бұл тарихи мекен. Бүгін осы жерде акциямызды атап өтіп отырмыз.