$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада бір апта ішінде жол ережесін бұзған 4 634 факті анықталды

26.08.2024ж. 20:00
236
Елордада   бір апта ішінде  жол ережесін бұзған 4 634 факті анықталды

Елордада бір аптаның ішінде бес мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды. Жылдамдықты асыру, қарсы бағытқа шығып кету жағдайы жиі тіркеледі. Ішімдікке сылқия тойып жылдамдықты асыратындар қарасы тіпті көбейген. Біздің түсіру тобымыз жол полицейлерімен рейдке шықты. Айдана Қайраттың репортажы. 

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Біз қазір жол полициясымен түңгі рейд жұмыстарын бастайтын боламыз. Егер жүргізушілер тарапынан қандай да бір құқық бұзушылық болатын болса бірден жауапқа тартылады.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Қазір сағат кешкі тоғыздардың шамасы. Осы жана біздің патрульдік полицияға хабарлама келіп түсті. Мас күйдегі көлік жүргізушісі жылдамдықты асырған. Жалпы тағы айта кететін жайт көбінесе кешкі уақыттарда мас күйіндегі жүргізушілер жиі ұсталады.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Дәл қазір біз ұсталған жүргізушінің жеке деректерін арнайы медициналық сараптама үшін толтыру үстіндеміз.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Медициналық сараптама нәтижесінде құқық бұзушының алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Қазір полиция департаменті оны уақытша ұстау изоляторына апарады. Ал, таңертең сот өз үкімін шығарады.

Елордада бір апта ішінде көлікті мас күйінде басқарудың 27 дерегі тіркелді. Апатты жағдай туындатқан 65 жағдай анықталған. Сондай-ақ, қарсы жолақпен журу , бағдаршамның қызыл түсіне өту, жаяу жүргіншілердің жол бөлігін кесіп өту ережесін бұзу және жолаушыларды заңсыз тасымалдау фактісі болды.

РУСЛАН ШЫНЫБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жас балалар болғандықтан көбінесе түнде бір-бірімен жарысып және жол қағидаларын сақтамайды. Тиым салынған түстерге өтіп және бастарында каскасы болмайды. Үстінде цвет отражающий дейді ғой жилеткалары болмайды. Осы себептен көбінесе ауыр халде ауруханаға көп түседі.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол-қозғалыс ережелерін сақтауға шақырады. Әр адам өзінің ғана емес өзгенің де өміріне жауапты.

Бір аптада 4 634 жағдай тіркелді

Мас күйінде көлік жүргізу 27

Апатты жағдай туындату 65

Қарсы жолақпен жүру 43

Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету 103

Заңсыз тасымалдау 3