«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордалық еріктілер электромобиль жүргізушілеріне тәтті таратты. Экологияны қорғап, оны сақтауға үлес қосқан азаматтарға осылай алғыс білдірді. Елде мұндай көлік түріне сұраныс бір жылда айтарлықтай артқан. Саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Қазір жанармайсыз жүйіткитін 3,5 мыңнан аса темір тұлпар бар.
Наргиз ЖАҚСЫЛЫҚОВА, ЕРІКТІ:
Таза Қазақстан акциясы аясында электромобильдердің жүргізушілеріне кішкентай сыйлығымызды беріп жатырмыз. Барлығы қоршаған ортаның ластануынан қорғауға үлес қосқаны үшін біз оларға шын жүректен алғысымызды осы кішкентай шоколадпен беріп жатырмыз.