$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарлық жүргізушілер «001» нөмірін 1 млн теңгеге сатып алып жатыр

AstanaTV
26.08.2024ж. 17:35
207
Павлодарлық жүргізушілер «001» нөмірін 1 млн теңгеге сатып алып жатыр

Өңірде «001», «007» нөмірлерін бір миллион теңгеге сатып алуға болады. Жыл басынан бері Павлодар облысының автокөлік иелері «әдемі» нөмірлерге 223 миллион 717 теңге жұмсады.

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Асылбек Сапарбекұлы хабарлады.

- Клиенттер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұсынылған нөмірлерден таңдау жасай алады немесе нөмірге өз қалауы бойынша тапсырыс бере алады. Жүргізушілер ең әдемі «001», «007» нөмірлерін бір миллион теңгеге сатып алған. Көлік құралы сатылған жағдайда клиент нөмірді мамандандырылған ХҚКО-да өз атына қалдыруға құқылы. Қызмет бағасы – 10 000 теңге. Егер азамат қалыпты нөмірді сақтауға қалдыруды шешсе, онда алты айдан кейін нөмір кәдеге жаратуға жатады. Ал VIP нөмір ескіру мерзімінсіз сақталады,-дейді филиал басшысы.

Қазіргі уақытта автокөлік иесі үшін жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметі де қолжетімді. Өтінішті қосымша арқылы беруге және бір сағат ішінде мамандандырылған ХҚКО-да дайын жүргізуші куәлігін алуға болады. Автокөлікті сатып алу және ресімдеу кезінде әрбір азамат автокөлікке мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға міндетті,-деп жазады Қазақпарат.