Өскемен қаласында Полевая көшесі бойында жеке тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттар блогының жануы орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған үйден 50 литрлік 3 газ баллонын тауып, оларды алып шығып, жарылыстың алдын алды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, өрт 128 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласу қажет.