$478.93 €534.96 ₽5.16
×

Алматыда тоғыз ай бұрын жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

AstanaTV
27.08.2024ж. 10:11
151
Алматыда тоғыз ай бұрын жоғалып кеткен әйел аман-есен табылды

Былтыр күзде жоғалып кеткен Алматы тұрғыны тоғыз айдан кейін аман-есен табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

1986 жылғы Куприянова Анна Александровна 2023 жылы 7 қарашада жоғалып кетті. Сағат 16:15 шамасында ол Қарасай ауданы, Ұмтыл ауылдық округі, Приозерное кенті, Озерная көшесі, 51 мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Осы уақыт ішінде жоғалған адамды іздеу жұмыстары нәтиже бермеген еді.