Алматыда 16 жастағы жасөспірім көлікке отырып, қарсы бағытқа шығып айдаған.
Алматы қаласының ПД әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Сейфуллин көшесі бойымен солтүстік бағытта Mercedes-Benz автокөлігінің қарсы жолаққа шыққанын анықтады. Бұл Тимирязев көшесінің қиылысында орын алды.
«Полиция жедел түрде жүргізуші — 2008 жылы туған И.А. есімді азаматты анықтады. Оның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ. Кәмелетке толмаған бала Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (Қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығу). Оның заңды өкілі У.Г. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі бойынша тәрбие міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады ПД.
Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Құқық бұзушымен және оның заңды өкілімен тиісті түсіндірме әңгіме жүргізілді.