$479.05 €534.57 ₽5.17
×

5-ші Дүнижүзілік көшпенділер ойындарының пошта маркасы таныстырылды

27.08.2024ж. 20:00
128
5-ші Дүнижүзілік көшпенділер ойындарының пошта маркасы таныстырылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы жарық көрді. Бүгін жоба таныстырылып, ресми мөрлеу рәсімі өтті. 5 мың данасы таралымға шыққан өнер туындысында «Бүркітші» бейнеленген. Жобаны Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясы маркетинг бөлімінің басшысы Серік Буксиков әзірлеген. 

Мұратбек ҚЫПШАҚБАЕВ, 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ДИРЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маркасын келген қонақтарға, елдерге сондай жарнамалық жағынан көрсету боп табылады. Бұл шара біздің ДКО-ның әрі қарай дамуына, әрі қарай жоғары деңгейге өтуінің бірден-бір көрінісі боп саналады.

Болат БҰХАРБАЙ, "ҚАЗПОШТА" АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Марка жинау хоббиі әлемді 2-ші орында тұрады. Осы маркалар бір 10 жылда, 20, 50 жылдан кейін өте үлкен мәртебеге ие болады. Егер де хат жазатын болсаңыз, сәлемдеме жолдайтын болсаңыз осы марканы пайдалансаңыз болады. Бұл марка мерейтойлық марка болғандықтан бұның саны шектеулі.