$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Соңғы 21 күнде шетелге барып-келген азаматтар медициналық бақылауға алынады

Соңғы 21 күнде шетелге барып-келген азаматтар медициналық бақылауға алынады

Соңғы 21 күнде шетелге барып-келген азаматтар медициналық бақылауға алынады. Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасов аурудың таралуына қатысты қаулы қабылдады. Маймыл шешегі қазір әлемнің бірнеше елін әбігерге салып жатыр. Африка құрлығының біраз мемлекетін жайлап кеткен дерт мутацияға ұшыраған. Сырқат жылдам тарайды, дейді мамандар. Жергілікті атқарушы органдар маймыл шешегі ауруына күдікті адамдарды анықтауға, эпидемиологиялық анамнез жинауға, байланыста болған адамдарды оқшаулауға, емдеуге міндетті. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің сақтығын арттыру бойынша оқыту жүргізуге жауапты. Соңғы 21 күн ішінде шетелге, оның ішінде маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерге барып-келген ел азаматтары медициналық бақылауға алынады. 

ЖАНАТ ЖАМАЛБЕКОВА,  ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Тест жүйелерінің қажетті қоры қазір жиналып жатыр. Ұлттық сараптама орталықтарының филиалдары бар. Облыс орталықтарындағы және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларының орталықтарындағы аса қауіпті инфекциялық зертханалар базасында осының қоры жасалынып жатыр.

Қаулыдағы міндеттер:

- Маймыл шешегі ауруына күдікті адамдарды анықтауға, эпидемиологиялық анамнез жинауға, байланыста болған адамдарды оқшаулауға, емдеуге міндетті.
- Медицина қызметкерлерінің сақтығын арттыру бойынша оқыту жүргізуге жауапты.
- 21 күн ішінде шетелге барып келген азаматтар медициналық бақылауға алынады.