Павлодарда балалар арасында өкпенің қабынуы ауруына шалдыққандар көбейді. Әсіресе, көкжөтел тыйылар емес. Биылдың өзінде 1100 бала пневмония жұқтырған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бір есе көп. Былтыр 505 баланың өкпесі қабынған. Қазірдің өзінде 159 бала ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлер баланың қызуы көтеріліп, тыныс алу жолдары бітілесе, бірден дәрігер көмегіне жүгіну керектігін ескертеді.
Әсел БАЙҒАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР СТАЦИОНАРЫ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
10 бала көкжөтел ауруымен ем алып жатыр. 26 бала жедел ішек инфекциясымен ем алып жатыр. Қалғандары жедел респираторлық вирустық инфекциялары және пневмония.