$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«Ембі» сынақ полигоны Қазақстанға қайтарылды

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
3277
«Ембі» сынақ полигоны Қазақстанға қайтарылды

Ресейге жалға берiлген Ембi сынақ полигоны Қазақстанға қайтарылатын болды. Сенат тиісті заң жобасын қабылдады. Полигон аумағы пайдалануға толықтай жарамды күйінде қайтарылған.

Қорғаныс вице-министрі Оқас Сапаровтың айтуынша, Ресей Федерациясына Қазақстан тарапынан ешқандай шағым жоқ. Мұнда негізінен зерттеу жұмыстары мен оқу-жаттығу шаралары жүргiзiлген. Ал қолданылған қару-жарақтарға қатты отын пайдаланылған көрінеді. Олардың келтiретiн қауiп-қатерi мен зияны өте төмен, полигон аумағындағы топыраққа жүргізілген зерттеу нормадан тыс нәтиже көрсеткен жоқ,- деді вице-министр.

Оқас Сапаров, ҚР Қорғаныс вице-министрі: 

Полигонның жер учаскілері әрі қарай пайдалану үшін жарамды түрде қайтарылады. Ресей тарапына полигонды қолдану бойынша тиісті міндеттерді орындауда ешқандай шағымдар жоқ. Полигонды жалдаудан шығару аймақтық экономикалық дамуға тиімді әсер етеді.