$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

27.08.2024ж. 20:00
272
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді. Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов баяндама жасады. Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды. Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.