Павлодарда жүкті әйел үйінде босанып қалды. Әйел мен оның жаңа туған баласы тұрақты жағдайда №1 қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шұғыл қоңырау 26 тамызда сағат 17-лер шамасында түсті. Қоңырау шалушы жүктіліктің 39 аптасында болған 32 жастағы әйелдің толғағы жиілегенін хабарлаған. Диспетчер қоңырауға жеделдіктің бірінші санатын берді және оны жақын маңдағы медициналық топқа жіберді.
Дәрігерлер шақырылғаннан кейін жеті минуттан кейін оқиға орнында болды. Сол уақыттан кейін әйел бірден толғағы жиілеп, тез босанды. Салмағы 2,7 келі бала дүниеге келді.