$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда бала сатып, ақша таппақ болған әйел 10 жыл арқалауы мүмкін

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
2886
Алматыда бала сатып, ақша таппақ болған әйел 10 жыл арқалауы мүмкін

Бауыр еті баласын саудаға салған алматылық безбүйрек ана 10 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, 22 жастағы әйел дүниеге келген үшінші нәрестесін күйеуімен ақылдасып, сатпақ болған. Шақалағын 2 мың долларға бағалапты. Босанған күннің ертесіне-ақ "клиент" іздеуге кіріскенін естіген тәртіп сақшылары оның ізіне түседі. Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері сатып алушы ретінде өз адамдарын жіберген. Ақырында бала саудалаған әйелді қолға түсірді. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Салтанат Әзірбек, Aлматы қалалық ІІД ресми өкілі:

Жасаған қылмысы өте ауыр болып танылғандықтан, заң бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр. Саудаға салынған баланы полиция қызметкерлері медициналық мекемелердің қызметкерлеріне берген болатын. Қазіргі таңда белгілі болғандай, бала сәбилер үйінде. Енді ата-ана құқығына айыратыны сөзсіз, міндетті түрде. Ал басқа балаларының болашақ тағдыры не болмақ - бұл енді жуырда шешілетін мәселе.

Айгүл ЕРМАХАН