$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Сот ісін жүргізу электрондық түрге көшеді

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
2871
Сот ісін жүргізу электрондық түрге көшеді

Астанада «Электрондық сот ісі» пилоттық жобасы аясында 400-ге жуық іс қаралған. Нәтижесінде қағазбастылық азайып, уақыт үнемделіп, азаматтық істер жедел жүре бастады.

Астана қаласының Сарыарқа ауданы сотында тілшілер назарына аталмыш жобаның артықшылықтары көрсетілді. Бүгінде әр сот кабинеті видео, аудио құрылғылармен жабдықталғандықтан, жобаға қосымша қаржы да көп кетпейді, - дейді мамандар. Есесіне халықтың процестің қандай кезеңде жүріп жатқанын, сот табалдырығын тоздырмастан, біліп отыруға мүмкіндігі бар.

Арман Жүкенов, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы:

Адамдар оң көз қараста. Себебі неғұрлым тез қаралады. Жоғарыда айтқандай, кезекте тұрмайды, сотқа келіп қажет емес. Ғаламторға шыға алса шағымын, құжаттар тіркеп береді бізге. 

Сондай-ақ электронды құжаттардың қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Бұл қадам тұрғындардың сот ісіне деген сенімін арттырып, адами факторлардың қатысуын төмендету мақсатында жасалып отыр. Қазақстан - ТМД елдері ішінде сот ісінде осындай жоба жасап отырған алғашқы мемлекет.

Дәуренбек
БАҚДӘУЛЕТ