$524.24 €612.94 ₽6.68
×

«3.2.1. Старт!» жобасының жеңімпазы 1 миллион теңге алады

AstanaTV
16.03.2017ж. 20:00
2642
«3.2.1. Старт!» жобасының жеңімпазы 1 миллион теңге алады

«3.2.1. Старт!». Бүгін осындай атаумен әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ауқымды жоба басталды. Бұл конкурста 17 мен 22 жас аралығындағы жастар  бағын сынай алады.

Алдын ала бекітілген республикалық комиссияның шешімімен үздік жобалар іріктеліп, қаржылай сыйақыға ие болады. «Кока кола» компаниясының бұл бастамасына «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қолдау көрсетіп отыр.

Алима Исембаева, «CCІ Kazakhstan» компаниясы корпоративтік және мемлекеттік қатынастар бөлімінің директоры:

Гранттың сомасы миллион теңгені құрайды. Яғни жеңімпаз деп анықталған үздік үш жобаға 3 миллион теңге беріледі. Тікелей шотқа қаражат бөлінбейді, заттай барлық керекті дүниені алып береміз. Өтінім беру оңай. Үміткер "Зе степпа.ком" сайтына кіріп, тың идеясы туралы видео түсіріп жіберуі тиіс. Сондай-ақ, кішігірім өзі жайында ақпарат толтырады.

Үздік деп анықталған 10 жобаның авторлары Астанада бас қосады. Олар арнайы тренингтен өтіп, жобаларын жүргізу мақсатында білімдерін жетілдірмек. Кейін комиссия алдында идеяларын таныстырады. Аталған шара алдымен өңірдегі жастарды кәсіпкерлікке баулуға негізделген. Қолдаудың арқасында қанатын жайған бастамалардың ұзақ мерзімді болуы да - басты шарттардың бірі.

Данияр Сүндетбаев, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Ең басты біздің позициямыз - жобаны насихаттау. Ақпараттық көмек көрсету. Және біз білетіндей, «Жас Отан» жастар қанаты - қазір республикадағы ең ірі жастар ұйымы. Біз арқылы осы жоба, біз ойлағандай, өте ауқымды, үлкен деңгейде өтеді деп ойлаймыз.