$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Семей-Өскемен тас жолында 3 адам қаза тапты

AstanaTV
28.08.2024ж. 12:19
268
Семей-Өскемен тас жолында 3 адам қаза тапты

Абай облысының полициясы өлім-жітім фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Апат салдарынан үш адам қаза тапты, тағы үшеуі ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семей-Өскемен тас жолында 25 тамызда сағат 03:30 шамасында Toyota Land Cruiser мен Nissan Еlgrand маркалы көліктер соғысқан.

«Салдарынан 1 жүргізуші мен 2 жолаушы қаза тауып, 3 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды», - деп хабарлады Абай облысы ПД.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл Абай облыстық полиция департаменті басқармасының бақылауында», - делінген хабарламада.