$478.96 €533.03 ₽5.22
×

Әзірбайжан президентінің бұрынғы оққағары Түркияның бес жұлдызды қонақ үйінде өлі күйінде табылды

AstanaTV
28.08.2024ж. 12:53
178
Әзірбайжан президентінің бұрынғы оққағары Түркияның бес жұлдызды қонақ үйінде өлі күйінде табылды

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы оққағары Махир Мамедов Түркияның батысындағы бес жұлдызды қонақүйде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Türkiye газеті жазғандай, қайғылы оқиға Айдын қаласының Кушадасы курорттық ауданында болған.

"Айдын қаласының Кушадасы ауданында өзінің қонақүй бөлмесінде 50 жастағы Махир Мамедов өлі күйінде табылды, ол өз уақытында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің жеке оққағары болған. Мамедовтың өлімінің нақты себебі аутопсиядан кейін анықталады", — деп жазады басылым.

Ер адам Кушадасқа үш күн бұрын жұбайы Кемали Мамедовамен және ұлымен демалуға келгені белгілі болды.